Су тасқыны болған өңірлерде азық-түлік бағасы көтерілген

Су тасқыны болған өңірлерде азық-түлік бағасы көтерілген
Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov. Құлсары қаласы

Су тасқыны болған өңірлерде азық-түлік бағасы көтерілген. Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен және өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп, сауда нысандарындағы азық-түлік қорына тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай режимі жарияланған облыстарда тауарларды жеткізуде проблемалар байқалмаған.

Су тасқыны басталғаннан бері 10 өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік көрпорациялардан 767 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары сатылған:

  • пияз – 429 тонна,
  • картоп – 587 тонна,
  • сәбіз – 332 тонна,
  • қырыққабат – 246 тонна,
  • ұн – 70 тонна,
  • рожки – 9 тонна,
  • қарақұмық жармасы – 2 тонна,
  • күріш – 61 тонна,
  • күнбағыс майы – 4 тонна,
  • тауық еті – 7 тонна,
  • қант – 37 тонна,
  • тұз – 20 тонна. Сонымен қатар, 2224 дана жұмыртқа сатылды.

Су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін 10 өңірде 46 әкімшілік қаулы шығарылған. Сонымен қатар, 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді.

Мысалы, күнбағыс майына, жұмыртқаға, қарақұмыққа және сәбізге бағаны көтергені үшін Ақтөбе облысындағы 2 сауда нысаны және Атырау облысындағы 2 сауда нысаны қарақұмық, картоп, қырыққабат және қантқа бағаны көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова