БҚО-да эвакуациядан бас тартқан тұрғындарға айыппұл салынуы мүмкін

БҚО-да эвакуациядан бас тартқан тұрғындарға айыппұл салынуы мүмкін
Фото: Massaget.kz/Nurzhan Rysbekov

БҚО-да эвакуациядан бас тартқан тұрғындарға айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы мәліметінше, тұрғындардың эвакуациядан бас тартуы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау ретінде қарастырылады. Мұндай заңбұзушылық үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (110 760 теңге - еск.) немесе адам 15 күнге қамауға алынуы мүмкін.

"ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, олардың заңды қызметіне кедергі жасау 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады", - деді прокуратура өкілдері.

Ведомство өкілдері тұрғындар бас тарту арқылы өздеріне және жақындарына қауіп төндіретінін еске салды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова