"Ақсайдағы" селге қарсы аяқталмаған бөгет құрылысы неге қауіпті?

"Ақсайдағы" селге қарсы аяқталмаған бөгет құрылысы неге қауіпті?
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Ақсай" бассейніндегі сел ұстайтын бөгетті салу кезінде ақша жымқырылғанын айтқан еді. "Қазселденқорғау" басшысы Арман Ахметов бұл іске қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арман Ахметовтың айтуынша, мердігермен  тиісті келісімшарт бұзылған.

"Ақсай өзені - Алматыдағы сел қаупі бар өзендердің бірі. Ақсай өзенінің жоғарғы ағысында 25 мұздық және 20 морено-мұздық көл орналасқан. Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысы маңызды және оның мақсаты - сел аймағында орналасқан халықтың өмірі мен шаруашылық нысандарын қорғау. Қазір мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан нысанның құрылысы тоқтатылып, тиісті келісімшарт бұзылған", - деді ол.

Ол қазір қандай шара қолданылып жатқанын айтты. 

"Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бастамасымен, Қазақстан Республикасының АФМ-не процестік шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды тапсырдық. Сел қаупі аймағында 30 мыңнан астам адам бар. Бөгеттің аяқталмаған құрылысы Ақсай өзенінің бойымен өтетін сел жағдайында сел қоймасында жиналуы мүмкін, бұл жағдайда ол аяқталмаған бөгеттің жарылуына және топырақтың шайылуына, қайталама селдің пайда болуына әкеледі. Қазір мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ", - деді Арман Ахметов. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек