Астанада 9 адам алаяққа алданып қалған

Астанада 9 адам алаяққа алданып қалған
Фото: Tengrinews.kz

Астаналықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада 37 жастағы әйел азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетуді ұсынған. Мемлекеттік органда таныстары барын айтып, ол азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген.

Қаскүнемге сенген жәбірленушілердің арыздары полицияға түскен. Бүгінгі таңда алаяққа алданған 9 азамат полицияға жүгінген.

Сарыарқа ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, 2023 жылдың маусым айында алаяққа 5 миллион теңге бергенін хабарлады. Басқа бір жағдайда, әйел өткен жылдың наурызында осындай жолмен 3 миллион теңгесінен айырылған. Пәтерді күтіп, ала алмаған жәбірленушілер полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта алаяқ тұтқындалып, түзету мекемесіне қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни ірі мөлшерде жасалған алаяқтық. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталвп жатыр.

Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина