Алматыда 67 миллион теңгенің шоколадын қолды еткендер ұсталды

Алматыда 67 миллион теңгенің шоколадын қолды еткендер ұсталды
Фото: ІІМ

Алматыда 67 миллион теңгенің шоколадын қолды еткендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурыздың басында Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны Қарасай ауданының Полиция басқармасына жазбаша арызбен шағымданған. Оның арызында белгісіз тұлғалар оның сеніміне кіре отырып, шоколад өнімдерін алаяқтық жолмен иемденгені, сол арқылы шамамен 67 миллион теңге сомасында материалдық залал келтіргені айтылған. 

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша полицияда тіркелді, яғни бұл - аса ірі мөлшердегі алаяқтық.

12 сәуірде жедел іздестіру іс-шарасы барысында аудандық полиция қызметкерлері 1995 және 1996 жылы туған екі күдіктіні ұстады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауржан Аленов (@baurzhan__alenov)

Олар интернет арқылы ресурстар жүктерді жылжыту бойынша өз қызметтерін ұсынып, осылайша әртүрлі өнімдерді иемденген.

Тергеу әрекеттері барысында ұсталғандардың тағы үш дерекке қатысы бар екені анықталды. Жалпы шығын 167 миллион теңгеден асты.

Қазіргі уақытта күдікті адамдар қамауға алынды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова