Қазақстанда 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды

Қазақстанда 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл бірінші тоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16 операцияны шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ, 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

Жалпы айналымнан 800 келіден аса есірткі мен психотроп заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан аса химиялық реагенттер алынды.

Алынған есірткі құны қара нарықта 5 миллиард теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 миллион бір реттік доза болады.

Халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен 72 қазақстандық пен шетелдікке қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз