Аяусыз ұрып-соққан, үнемі қызғанған: Ақтөбе облысының тұрғыны күйеуін пышақтап өлтірген

Аяусыз ұрып-соққан, үнемі қызғанған: Ақтөбе облысының тұрғыны күйеуін пышақтап өлтірген
Фото: "Диапазон" сайты

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғынына күйеуін өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Әйел күйеуімен жанжалдасқаннан кейін 102-ге телефон соғып, полиция қызметкеріне арызданған. Кейін учаскелік полиция қызметкері келіп, жанжалдасып жатқан екі тараппен сөйлесіп, арыз негізінде сот әкімшілік істі қарайтынын айтып, кетіп қалған. Ал келесі күні олардың арасында тағы жанжал туындап, әйел күйеуіне пышақ сұққан, салдарынан ер адам қайтыс болған.

Сотта әйел өлімге әкелген жанжалға дейінгі отбасылық өмірі туралы айтты. Ол марқұм күйеуімен 2009 жылы танысып, 2011 жылы бірге тұра бастады, ерлі-зайыптының екі ұлы бар. 

"Бұл - оның төртінші ресми некесі. Ол көп ішетін. Ішкенде күніне 20 сағат ұйықтамай жүре беретін. Көбіне жалғыз өзі. Ішімдікті үйде ішетін, содан кейін жанжал шығаратын. Мұны оның ата-анасы да білген. Мен оны жақсы көргендіктен кешіретінмін, тіпті емдеуге тырыстым, диспансерге апардым. Екі рет тіпті ажырасуға дейін жеттік. 2017 жылы оны тастап кеттім, бірақ кейін татуластық. Ол мені үнемі қызғанатын. Мені бірге арақ ішкен достарынан, механизаторынан қызғанатын. Басталған жанжал бірнеше күн жалғасуы мүмкін еді. Көлігіме навигатор орнатты. Маған қоңырау шалып, неге бұл жолмен барғанымды немесе қонақүйдің немесе мектептің маңында неге ұзақ тұрғанымды сұрайтын. Мен оған өмірімдегі жалғыз адам екенін айтып, ант беретінмін. Егер кенет телефонды алмасам, агрессив әрекет етіп, айқайлап тастайтын, сондықтан телефонымды тастамайтынмын", - дейді ол.  

Бір күн бұрын күйеуі қызғаныштан жанжал шығарып, жанарды дәретханада ұрып-соққан. Әйел полицияға қоңырау шалған. 

Бірнеше күн бұрын судья Сабыров бұл іс бойынша үкім шығарды. Ол айыпталушының мас күйінде қасақана кісі өлтіргенін анықтады. Сот үкімінде судья егер ол үйден кетіп қалса немесе біреуді көмекке шақырса, адам өлмейтінін айтты. 

Жұбайын өлтіргені үшін Жанар 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол жұбайының әпкесіне моральдық шығын үшін 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек