Шығыс Қазақстан облысында лай көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстан облысында лай көшкіні жүрді
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөлде лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

"Бүгін таңертең Шығыс Қазақстандағы облыстық маңызы бар "Теректі-Ұранхай-Төсқайың" жолының 13 шақырымында, "Мраморное" асуы маңында, топырақ көшкіні жүрді. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жол жабылды. Болған жағдай туралы "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері мәлімдеді", - делінген хабарламада. 

Әкімдік мәліметінше, оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және ТЖ қызметі жұмыс істеп жатыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Айта кетейік, топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек