Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы мен тағы бір қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жығы 12 сәуірге қараған түні Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы  - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. 

Қазақстандағы ауа райы болжамына келетін болсақ, синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Синоптиктер 12 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай туралы болжады. 

"Атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады - жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста, орталықта Республикада жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшейеді, солтүстік пен шығыста көктайғақ, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн күркіреп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі", - деп хабарлады метеорологтар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек