"Қимастық болып еді". Бағлан Әбдірайымов көкпар шауып жүрген сәйгүлігінен айырылды

"Қимастық болып еді". Бағлан Әбдірайымов көкпар шауып жүрген сәйгүлігінен айырылды
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов көкпар шауып жүрген сәйгүлігінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, сәйгүлігі биік жардан құлап кеткен.

"Ей, жануарым-ай...Мына жардан құлаған ғой. Бел омыртқасы сынып кеткен. Талай жігіттің арманы болған ат еді. Қандай бағалар беріліп еді. Қимастық болып, сатпап едім. Ол кісілерге де, маған да бұйырмаған екен. Қаншама баптап, бір қазан ет болып қалды", - деп жазды өнер иесі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы