"Тірі болғанда басқаша болар ма еді". Жанар Айжанованың қызы әкесі туралы естелігін бөлісті

"Тірі болғанда басқаша болар ма еді". Жанар Айжанованың қызы әкесі туралы естелігін бөлісті
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әкесі тірі болғанда бәрі басқаша болуы мүмкін еді.

"Егер әкем тірі болғанда бауырым болуы мүмкін еді деп ойлаймын. Мен Америкаға кетіп, сол жақта тұрар ма едім. Бірақ Құдайдың өз жоспары бар, ол қателеспейді. Өзімді ешқашан жалғыз әкесіз өстім деп есептемедім. Физикалық тұрғыда қасымда болмаса да, ол әрдайым менің ішімде деп елестеттім", - деді Айжұлдыз.

Айжұлдыз мінезі әкесіне тартқанын атап өтті.

"Мінезім, тәуекелшілдігім, ақша табуым - әкеме тартқан. Оған сол үшін алғыс айтамын. Қасымда болмаса да, өмір бойы оны, тәрбиесін сезіп келемін. Әке-шешені бағалаңыздар, құрметтеңіздер. Хабарласып, жақсы көретініңізді айтыңыздар", -деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы