Ақтөбе облысында тұрғындарды эвакуациялау басталды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында Торғай өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылының елді мекенін су басу қаупі туындады. Осыған байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тұрғындарды Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!