Желіде Алматы облысы әкімінің атынан жалған хабарлама тарап жатыр

Желіде Алматы облысы әкімінің атынан жалған хабарлама тарап жатыр
Фото: gov.kz

Алматы облысының әкімдігі тұрғындарға өзін облыс әкімімін деп таныстыратын алаяқтардың әрекетіне сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 

"Мессенджерлерде алаяқтар өздерін облыс әкімімін деп таныстырып жатыр. Тұрғындардан мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерді баспауды сұраймыз. Аталған факті Қонаев қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы