"Сенің, балаларыңның басына келсін!" Байжанов Бишімбаев өзін қалай қарғағанын айтты

"Сенің, балаларыңның басына келсін!" Байжанов Бишімбаев өзін қалай қарғағанын айтты
Фото: видеодан кадр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Бақытжан Байжанов өзіне қандай қысым жасалғанын ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бишімбаев "жедел жәрдемге бірге хабарластық деп айт" деді. "Айтпасаң, сенің басыңа келсін, сенің балаларыңның басына келсін деп қарғаймын" деді", - деді ол.

Сонымен қатар, ол мұны Бишімбаев сот залында емес, сотқа әкелген кезде айтқанын жеткізді.

"Тергеу изоляторында анда-санда (Бишімбаевпен - еск.) кездесіп жүрдік. Сол кезде "нашатырь беріп жатқанда, сен қарап тұрдым деп айт" (деді - еск.). Бірақ мен сыртта қалдым", - деді Байжанов.

Айта кетейік, алдыңғы сот отырысында Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді. 

Еске салайық, бұған дейін де Бақытжан Байжанов тың деректер айтты.

"Мен жедел жәрдемнің жанында болдым. Жедел жәрдемге келіп, "Бишімбаев өзін өлтірмекші" деп көмек сұрадым. "Олар "бізге кедергі келтірмеңіз, шығыңыз" деді. Сонымен бармен Абылайға хабарластым. Абылай екеуміз Бишімбаевты ұстап тұрдық", - деді Байжанов.
 
"Қуандық қолына пышақ ұстап жүрді" - Салтанат қаза тапқан жерде жұмыс істеген бармен

"Қуандықпен сөйлескен жоқпыз. Қуандық есеңгіреп жүрді. "Бақытжан, мен не істеп қойдым?! Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, бала-шағамның бетіне қалай қараймын? Енді өмір сүре алмаймын" деген сөздер болды", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова