45 үй суға батты: Бұланды ауданында суға кеткен тұрғындар тікұшақпен эвакуацияланды

45 үй суға батты: Бұланды ауданында суға кеткен тұрғындар тікұшақпен эвакуацияланды
Фото: t.me/qr_tjm

Бұланды ауданында Жолболды өзені еріген қар суларының көбеюінен арнасынан асып кетіп салдарынан өзенге таяу орналасқан Иванков ауылы суға кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жалпы саны 45 үй су астында қалған.

"Тұрғындарды автокөлікпен эвакуациялау мүмкін болмағандықтан облыстың төтенше жағдай қызметі Қорғаныс министрлігіне жүгініп халықты МИ-8 тікұшағы және жоғары өтімділік күші бар Трэкол көлігінің көмегімен эвакуацияланды. Жақын елдімекендерге 52 адам оның ішінде 21 бала Макинск қаласындағы №4 мектеп гимназиясына орналастырылды. Эвакуацияланған тұрғындар медициналық көмекті қажет еткен жоқ", - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Ведомство мәліметінше мұнымен қоса құтқарушылар 100 бас ірі қара, 11 бас жылқы, 50 шошқа мен 520 үй құстарын қауіпсіз жерге айдап апарған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz