Шымкентте ер адам жертөледе аса ірі көлемде марихуана сақтаған

Шымкентте ер адам жертөледе аса ірі көлемде марихуана сақтаған
Фото: ІІМ

Шымкентте бір үйдің гаражының астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтаған. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды.

Жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова