Су тасқынынан 100 мыңға жуық адам құтқарылды - ТЖМ

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш елімізде су тасқынынан 100 мыңға жуық қазақстандық құтқарылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"11 сәуір сағат 10.00 жағдай бойынша Азаматтық қорғау қызметі су тасқынынан 97 мыңнан аса адамды эвакуацияланды. Оның – 32 мыңнан астамы бала. Қазір уақытша орналастыру пунктерінде 7 173 адам бар. Оның – 3494 мыңы бала", - деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 млн-нан аса текше метр еріген қар суы сорылған, 1 млн 400 мыңнан астам қапшық, 1 млн 100 тонна инертті материал төселген.

"Авариялық құтқару жұмыстарына 27 мыңнан аса адам мен 3 мыңға жуық техника, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті деңгейдегі 29 төтенше жағдай жарияланды", - деді ТЖМ өкілі.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!