ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар

10 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданының Өскемен-Самар автожолының 25-шақырымында Lada Largus және Lada Granta маркалы екі автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот сараптамалары тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін, маневр жасауды қатаң сақтау және метеорологиялық жағдайларды ескеру қажеттігі туралы ескертеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!