Елімізде әншілер су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаражат аударды

Елімізде әншілер су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаражат аударды
Фото: Видеодан алынған кадр

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өнер жұлдыздары қомақты қаражат аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

"Үш жүздің басы қосылатын күн туды. Өйткені су тасқыны бір елге емес, еліміздің түкпір-түкпіріне жетіп жатыр. Өнер адамдары: әнші, продюсер, ақын, журналистер, асабалар – бәріміз бірігіп ашқан топта елмен бірге екенімізді айтып, ортаға түскен қаражатты қалай жеткізу қажетін ақылдастық. Әзірге 25 млн теңге жиналды. Алдағы уақытта зардап шеккен жұртпен жеке жүздесеміз. Біздің көмегіміз теңізге түскен тамшыдай болса да, жүрегіміздегі жанашырлық сезімін осылай жеткізгіміз келді", – деп жазды Роза Әлқожа. 

Өнер иесі ақша аударған әріптестерінің есімін де атады.

"Олардың арасында Ерғали Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Гүлзира Айдарбекова, Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Өктем Алтаев, Елнұр Наурызбек, Мұқасан Шахзадаев, Өмірқұл Айниязов, Бауыржан Бекахметов, Мирас пен Құралай, Қуаныш пен Қарлығаш, Ерке Есмахан, Мөлдір Мұқанова, Мадина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова, Арайлым Рахымқызы, Индира Елубаева, Үкітай Ерниязов, Кеңес Әлімжан, Мұхтар Ханзада, Айбек Қайбулла, Мәлік Жамбылұлы, Ақбота Сейтмағамбет, Анар Батырхан, Құдайберген Бекіш, Света Айтбаева, Бағым Мұхитденова, Садраддин, Бекжан Тұрыс, Ақбота Керімбекова, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин, Бибігүл Қилымхан, Әзімбек Байлин, Қажымұрат Шешенқұл, Бауыржан Тұрабаев бар", – деп жазды әнші. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы