Бірнеше рет пышақ сілтеген: Өскеменде ер адам 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бірнеше рет пышақ сілтеген: Өскеменде ер адам 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Өскемен қаласының тұрғыны жеті жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yk-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскемен тұрғыны 7 жасар немересіне бірнеше рет пышақ сілтеді деп күдікке ілінген. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 22 наурызда болған.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл  фактіні растады.

"Кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы