"Көптен армандап жүрген едім". Kalifarniya жаңа үйін көрсетті

"Көптен армандап жүрген едім". Kalifarniya жаңа үйін көрсетті
Фото: Әлеуметтік желіден

Kalifarniya лақап атымен танылған әнші Фархат Қалиев зәулім үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші жаңа үйінде достарының басын қосып, қоныс той жасаған. Өнер иесінің шаңырағындағы басқосуды блогер Әден Марғұлан жеке парақшасына жүктеді. 

@aden_margoo

Ниет қабыл болсын!🤲🏻

♬ оригинальный звук - Aden_margulan

"Фархат пен Әнелдің шаңырағына келіп жатырмыз. Қоныстой, ауызашар, келіншай бәрін бірге жасап жатыр. Көптен армандап жүрген шаруасы еді. Құтты үй болсын! Анасымен де танысып жатырмыз. Меккеге барып келгеннен кейін, үй соқсам деген арманы орындалды. Екінші қабатын да салыпты", – деді блогер. 

Сонымен қатар жас келіннің қолынан шай ішкен блогерлер, келінге рақмет айтып, ақша аударды. 

“Тұрар 200 АҚШ долларын берді. Жансерік 50 мың атты. Керемет отырыс болды. Жуырда жарық көретін “Оттегі” фильмінің саундтрегін де көрдік. Фархат пен Әнел жылап қалды”, – деп жазды Марғұлан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы