"7 ай өзгенің баласына сүтімді бердім". Толқын Забирова 20 жыл бұрынғы басынан өткен ерекше оқиғаны айтты

"7 ай өзгенің баласына сүтімді бердім". Толқын Забирова 20 жыл бұрынғы басынан өткен ерекше оқиғаны айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші Толқын Забирова "Мамский әңгіме" бағдарламасында 7 ай өзге балаға сүтін бергенін айтып өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, бала дәрігері келіп, оған өтініш жасаған.

"Диярды босанған соң бала дәрігері келіп, қарады. Кеш болды да, "біз баланы шомылдыруымыз керек" деп айттым. Сосын шөпке, суға, сүтке шомылдыратынын айттым. Өзімнің сүтімді банкаға жинап қойған едім. Оның көзі түсіп кетті де "сіз бақытты анасыз ғой" деді. Кетіп бара жатқан кезде өтініш айтқысы келетінін байқадым. "Білесіз бе, ауруханада әріптесіміз босанып, өзі қайтыс болды да, баласы қалды. Сол балаға сүт іздеп жүр едім, сіз бере аласыз ба?" деді. "Сонда мен оны емізуім керек пе?" деп сұрадым. "Жоқ, оның сіңлісі бар, сол сізден күнде келіп, сүт әкетіп тұрады" деді. Бірден келістім. Қатты қуанғаннан ол жылап жіберді. Сөйтсем, ешкім рұқсатын бермеген екен", - деді ол.

Әнші бұл оқиғадан соң 20 жыл өткенін айтты.

"Сөйтіп, 7 ай сүтпен қамтамасыз еттім. Кейін бала 9 айға толғанда біздің үйге әкеліп, әжесі, папасы көрсетті. Олар ШҚО, Күршімнен екен. "Сол жаққа апарамыз" деді. Одан кейін ешкім хабарласпады. 20 жыл өтті", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы