"Нағыз мұқтаждық енді басталады". Алтынай Жорабаева судан зардап шеккендерге қолдау білдірді

"Нағыз мұқтаждық енді басталады". Алтынай Жорабаева судан зардап шеккендерге қолдау білдірді
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Алтынай Жорабаева тасқын судан зардап шеккен ағайынға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі ел басына күн туып жатқанда үнсіз отырмағанын алға тартты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

"Қазір бір дүрбелең соғып тұрған уақыт болып тұр… Елімізде, әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты біраз ойым жинақталып тұр. Отырып жазуға, жаңадан босанған ана болған соң, уақыт тапшы болып жатыр… Жалпы жекеге "неге үндемей отырсыз, неге көмек бермей жатсыз?" деп жазып жатқан жандар өте көп. "Оң қолың бергенді сол қолың білмесін" дегендей, неге бергенімді айтып, жасаған жақсылыққа берілетін сауапты осы дүниеде тастап кетуім керек? Жариясыз жасағанды көбірек құптаймын. Одан бөлек, өнер адамдары жиналып, ортақ чат ашып, ол жақта да қаржылай көмек жиналып жатыр. Қиын жағдайға тап болған аймақтардан хабар алып отырмыз. "Әзірге тамақ, керек-жарақтың барлығы жетерлік. Нағыз мұқтаждық осы ажиотаж басылғанда, су тартылғанда басталады. Соған жұмсаған жөн" деген хабар алдым. Дегенмен де,  біраз өнер адамы сол аймақтарға өздері барып, көзбен көріп, ары қарай жиналған қаржыны қаржылай, немесе заттай үлестіреміз деп отыр. Жалпы ел басына күн туғанда кімнің қанша теңге бергені маңызды емес, қалай бергені маңызды", – деп жазды өнер иесі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы