Ақтөбеде ішімдікке салынған ана балаларын тастап кеткен

Ақтөбеде ішімдікке салынған ана балаларын тастап кеткен
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде ішімдікке салынған ана кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

"Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды.

Мобильдік топтар ата-аналары азғындық өмір салтын ұстанатын, алкоголь ішетін, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды.

Мысалы, Ақтөбе прокуратурасы 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балалардың анасы ішімдікке салынып, өз балаларын қараусыз қалдырғаны анықталды.

Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін  оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.

Қазір барлық бала "Аяла" орталығына орналасқан, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді.

Бұл дерек бойынша балалардың анасын ата-ана құқығынан айыруға тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталып жатыр.

Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасып жатыр және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек