Түркістан облысында Өзбекстан азаматтары уланып қалған

Түркістан облысында Өзбекстан азаматтары уланып қалған
Фото: otyrar.kz

Түлкібас ауданына жұмысқа келген өзбекстандық азаматтар көмір иісінен уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

1986 жылғы 1 азамат ауруханаға кома жағдайында жеткізілген.

Шетелдіктер Қазақстанға құрылыс жұмыстарын істеуге келіпті. Олардың сөзінше, түнде көмір жағып ұйықтап қалған. Араға бірнеше күн салып, науқастардың жағдайы жақсарып, жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді.

"Бірінші науқас Абдукаримов ауыр жағдайда түсті. Науқас 7 сәуірге дейін өкпені жасанды тыныстандыру аппаратында болды. Жағдайы жақсаруына байланысты қазір терапия бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас та ауыр жағдаймен түсті. Ем көрсетіліп, 4-5 сағаттан соң есін жиған соң палатаға көшірілді", - дейді Түлкібас аудандық орталық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанов.

Айта кетейік, Түлкібас ауданында 6 сәуірде иіс тиіп, 49 жастағы әйел де қаза тапты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова