Павлодар облысында 2 миллиард тенгелік жер мемлекетке қайтарылды

Павлодар облысында прокурорлардың актілері бойынша құны 2 миллиард тенгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

Тереңкөл ауданының прокуратурасы "Вильгельм" ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 гектар жайылымды негізсіз беру дерегін анықтады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.

Облыстың МАЭС шешімімен Департамент талап қоюдан бас тартты.

Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол - елді мекеннің жерлері және жергілікті халықтың малын жаюға арналған.

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылып, құны 2,1 миллиард теңгелік жер мемлекетке қайтарылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!