Димаш Құдайберген тасқын судан зардап шеккендермен кездесті

Димаш Құдайберген тасқын судан зардап шеккендермен кездесті. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып,күшіміз бірлікте екенін айттым.Сонымен қатар, қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысымды білдірдім",-делінген жазбада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!