"Екі таяққа сүйеніп". Тамара Асар өзін сынаған көпшілікке жауап берді

Әнші Тамара Асар су тасқыны кезінде шаңғы теуіп жүргенін сынаған көпшілікке жауап берді- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, бұл денсаулығына қатысты себеппен байланысты болған.

 "Шаңғы теуіп ерігіп жүрсің дегендерге айтарым: Шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін. Демалыста емеспін үйімде жүрмін. Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп, тілегімді тілеп, жеті нанымды пісіріп, ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!