"Қолымыздан келгені - осы". Абай Бегей отбасымен бірге қажылыққа барды

Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Абай Бегей отбасымен бірге қасиетті Меккеге құлшылық жасауға қажылыққа аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл қажылыққа жары және үлкен қызы-күйеубаласымен бірге барған. Бұл туралы әншінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NIYAZKULOVA ERKE ❤️‍🔥 (@niyazkulova_erke)

"Бұл видеоны салайық па, салмайық па деп біраз ойландық. Әйтпесе осы айдың үші - Медина қаласында, жұма күні - Қадір түнінде Меккеге келіп тәуап жасау бұйырып, елде болып жатқан жағдай жүрегімізді ауыртып, Аллаға дұға етіп жатырмыз. Елден жырақта жүргесін, қолымыздан келетіні әзірге дұға мен қаржылай көмектесу. Бірнеше күннен бері үйлерін су алған достарымызға көмекке деп жасырын аударып жатырмыз. Бірақ енді жария түрде де көмектескіміз келіп тұр", - деп жазды әншінің қызы Ерке Ниязқұлова..

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы