Қазақстанда Интерпол іздеу жариялаған екі қылмыскер ұсталды

Қазақстанда Интерпол іздеу жариялаған екі қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласының халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады.

Ұсталғандардың бірін Қытайдың құқық қорғау органдары іздеген. Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден аса сатушыдан ақша бопсалаған. Қылмыскер Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Катар арқылы кірмек болған.

Ал екінші ер адамға Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады.

Қазіргі таңда қылмыскерлер қамауға алынды, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!