Маңғыстау облысында көшеде әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды

Маңғыстау облысында көшеде әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында көшеде әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды. Аймақ полициясының баспасөз қызметі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған. Ер адам ойын алаңында әйелін соққыға жыққан.

"Құқықбұзушыны анықтап, Мұнайлы ауданының полиция бөліміне жеткіздік", - деді аймақ полициясы.

Ведомство мәліметінше, осы іске қатысты материал сотқа жіберілген.

Еске салайық, бұған дейін желіде Маңғыстау облысында әйел соққыға жығылған видео тарағаны хабарланды. Видео Instagram-дағы 112 парақшасында жарияланды. Парақша мәліметіне сүйенсек, оқиға Мұнайлы ауданында болған.

Кадрлардан оқиға ойын алаңында болғанын көруге болады. Әйелдің жанында бала ойнап жүр. Ал ер адам әйелге жақындап, жұдырықпен ұрып жібереді. Содан кейін ол әйелді итеріп жібереді. Ал жәбірленуші жерге құлап түскен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова