Алматыдағы балалар алаңынан ер адамның денесі табылды

Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер Алматы әуежайы маңындағы балалар алаңында "тамағы кесілген" ер адамның мүрдесі табылғаны туралы бейнежазба жіберді. Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу салдарынан жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда",-деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!