"500 мың теңге". Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен Роза Әлқожа сынға қалды

Танымал әнші Роза Әлқожа су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында оқырмандарынан ақша жинаған. Алайда желі қолданушылары өнер иесінің бұл ісін сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бір күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында жеке есепшотын көрсетіп, су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинаған. Жазбасын жариялағаннан соң бір күннен соң әнші жиналған 500 мың теңгеге Құлсарыға қажет зат алып жатқанын айтты.

"Сіздерден жиналған 500 мың теңгенің есебі. Біз түнделетіп "Диета.кз" тобына келдік. Өйткені жігіттер Құлсарыға ең қажетті заттарды тиеп жатыр екен. Жасұлан "ақшалай алмаймыз, тек заттай беріңіздер" деп жатыр. Ертең сіздерден кешеден бері жиналған 500 мың ақшаға қап пен резіңке сатып алып, жігіттерден беріп жібереміз. Осымен сбор тоқтатамыз. Сосын қандас бауырлар, саудагерлер, ел басына күн туғанда қап пен резіңке етікті қымбаттатпаңыздар. Керісінше, осындайда жеңілдікпен бермейсіздер ме? Алла бардың берекесін берсін. Баршаңызға рақмет, сауаптан жазсын. Әуелде құр жатпайық деп сбор ашып едік, сөге жамандамаңыздар. Өнер адамдары да басқа адамға, басқа карточкаға жинап жатырмыз. Олар да бізден бөлек, үнсіз, жарияламай, беріп жатыр екен", – деп жазды Роза Әлқожа. 

Желі қолданушылары әншінің халықтан ақша жинауына түрлі пікір жазды. "Халық сіздерсіз, ақыл сұрамай-ақ жылу жинауды бастап кеткен, бізден ақша жинағанша, халыққа өздеріңіз не беріп жатсыңдар", "халықтан  ақша жинап жатырмыз" дегендеріңіз ұят екен", "сіздер халықтан алып, халыққа беріп, жақсы көрінбей-ақ қойыңыздар, халықтың ашуына тиетін тірлік жасадыңыздар", "халықтан жинамай, өз қалтаңыздан шығарған жарасады", "500 мың теңгені неге өзі бермейді?", "халықтан жинағаның күлкілі", – деп пікір жазды желі қолданушылары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!