Қар аралас жаңбыр жауады: Еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

Қар аралас жаңбыр жауады: Еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды
Фото: Tengrinews.kz

9 сәуірде Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жезқазғанда күндіз жаңбыр жауады, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағандыда аракідік жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы