БҚО-да су тасқыны салдарынан сібір жарасының 3 қорымы ашылып қалған

Биыл еріген су Батыс Қазақстан облысы бойынша 3 қорымды су басқан. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары осыған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі zhaiykpress-ке сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда аудандарда ветеринарлық қызмет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өлген үй жануарларының көзін жою жұмысын бастады. Өңірде 3 көмінді су астында қалды. Ал ауру қоздырғыштары сумен таралады деген сөз шындыққа жанаспайды. Көмінділердің барлығы ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай: бетондалған және қоршалған. Ешқандай қауіп жоқ", - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А.Бралиев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!