Алматыда ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда ер адамның әйелді  ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Алматыда ер адамның әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео авторлары оқиғаның Алматыда болғанын айтты. Видеода алдымен екеуі сөйлеседі, кейін ер адам жұдырығымен әйелге шабуыл жасайды.

"Қазіргі таңда Әуезов ауданында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мән-жай анықталуда. Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар полицияға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы