"Еркінсуге болмайды". Қосшыдағы су тасқыны бақыланатын режимге өтті

Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту жұмыстары аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жергілікті атқарушы органдар мен халықтың күшімен биылғы жылы қолданыстағы бөгетке 2400 метр қысқа мерзімде ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр жаңасын тұрғызды. Жұмыс екі ауысымда жүргізілді. 30-ға жуық арнайы техника жіберген Астана әкімдігі көмек көрсетті. Жедел штаб Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су тасқыны жағдайына мониторингті су қоймаларынан су төгінділерінің деректері бойынша болжамдауды ескере отырып жүзеге асырады", делінген өңір баспасөз қызметі таратқан ақпаратында. 

Қазіргі таңда Нұра өзенінің жағасы бойынша су массаларының жоспарлы ағуы жүріп жатыр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Тайтөбе ауылына жұмыс сапары барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап шықты.

"Еркінсуге болмайды. Негізгі су ағыны Нұра өзені арқылы өткеніне қарамастан, су тасқыны қаупі әлі өткен жоқ", - деп атап өтті өңір басшысы.

Қосшыға бүкілі 300 адам жұмысқа тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз