Мына белгілер сіздің дереу демалысқа шығу керегіңізді көрсетеді

Жұмысқа жиі кешігу мен үнемі бастың ауыруы сізге демалу қажеттілігін көрсетуі мүмкін. Бұл туралы психолог Юлия Кочетова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.

"Кейде қызметкер жұмысқа келген кезде басы ауырып бастайды, басы ғана емес іші де ауыруы мүмкін. Ал үйде оны мұндай ауырсыну мазаламайды. Сондай-ақ, шамадан тыс жұмыс пен демалысқа деген қажеттілік белгілерінің бірі - үнемі кешігу. Менің кеңесіме жүгінгендердің айтуынша, олар қанша тырысса да, кешігеді. Мұндай кезде адам психикасы өзін шамадан тыс жүктемеден қорғауға тырысады", - деді маман.

Қызметкерге демалыс қажет екенінің тағы бір белгісі - жиі суық тию немесе адамды үйде қалуға мәжбүрлейтін басқа аурулар. Тағы бір маңызды белгі - үнемі шаршау, әлсіздік және ұйқыға деген ұмтылыс. Бұл адамның қатты шаршағанының айқын белгісі.

"Физикалық әл-ауқатпен байланысы жоқ тағы бір белгі - адам бос уақытында да жұмыс істейді. Егер адамның уақыты тек жұмыспен өтсе, демалыс туралы ойланған жөн", - деп қорытындылады маман.

Айта кетейік, бұған дейін психолог ұзақ уақыт бойы демалыссыз жұмыс істеу денсаулыққа қалай әсер ететінін айтқаны хабарланған болатын. 

"Іс жүзінде бұл адамның жұмыс істеуі қиынға соғатынын, тапсырмаларды ұзағырақ орындайтынын білдіреді, өйткені оған назар аудару, талдау, икемді ойлау қиынырақ болады. Есте сақтау мен зейіннің әлсіреуі байқалады. Шамадан тыс жұмыс, шаршау сезімі және жұмыстағы қиыншылықтар өмірге қанағаттану деңгейін төмендетеді. Егер адам жұмыстан шаршап, жұмысқа қатысты жағымсыз эмоцияларды сезінсе, онда бұл жағдай жеке өмірге де әсер етеді", - деді маман.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бишімбаев сотына қанша алқаби қатысып жатыр?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз