Құлсарыдағы су тасқыны: қыстақта қалып қойған адам құтқарылды

Атырау облысында қыстақта қалып қойған адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты елді-мекендерге қауіп төнді. Қазір ТЖД құтқарушылары тұрғындарды, төрт түлік малды қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр.

7 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласы Дүйсеке ата қыстағынан 1982 жылы туған азамат құтқарылды. Өңір тұрғыны Маңғыстау облысы ТЖД, Атырау облысы ТЖД құтқарушыларына алғыс білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үй саны 2680-ге жеткені хабарланды.

ҚР ТЖМ күштері Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекітті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!