Маман косметиканың жасанды екенін қалай анықтауға болатынын түсіндірді

Маман косметиканың жасанды екенін қалай анықтауға болатынын түсіндірді
Фото: pixabay.com

Әшекейлі косметика өнімдерінің жасанды көшірмесі жиі жасалынады. Осыған байланысты маркетолог Маргарита Кобец түпнұсқа өнімді контрафактіліктен қалай ажыратуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Российская газетаға" сілтеме жасап.

Маман кез келген косметиканың қаптамасында батч-код бар екенін, оған сәйкес арнайы сайтта өнімнің өзіндік ерекшелігін тексеруге болатынын түсіндірді. Код арқылы өнімнің өндірушісі, орны және өндіріс әдісі туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, әр өнімде ел мен өндіруші компания туралы мәлімет алу мүмкіндік беретін штрих-код бар.

Маргарита Кобец косметиканы сатып алмас бұрын оның құрамын зерттеп, жарамдылық мерзімін тексеру керек екенін еске салды.

"Егер арнайы сайтта өнімнің құрамы табиғи деп көрсетілсе, ингредиенттер тізімінде тек Cosmos немесе Natrue стандартына кіретін компоненттер болуы шарт. Оған қоса, табиғи өнімдерге күшті тензидтер мен силикон кірмейді", - деп ескертті ол.

Айта кетейік, бұған дейін косметика құрамындағы зиянды заттар туралы хабарланған болатын. 

  • Сульфаттар. Оның зияны:

Көп жағдайда сульфаттар аллергия қоздыруы мүмкін. Ол терінің қышуы, тері бетінде пайда болған қызыл нүктелер ретінде байқалады. Натрийдің лаурил сульфатының сусабындарда көп болуы шаштың түсуінің себебі бола алады, сондай-ақ бас терісі құрғап, қайызғақ пайда болуы мүмкін. Сульфаттар сусабын, бетті жуатын гель, тіпті ыдыс жуатын сұйықтық арқылы терімізге сіңіп, әрі қарай қанға өтеді. Сульфаттар әсерінен пайда болған канцерогендер жасушалардың мутациясына әкеле алады.

  • Парабендер. Оның зияны:

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қанға түскен сәтте парабендер эндокриндік жүйені зақымдай алады екен. Қант диабеті ауруының себебі де болуы әбден мүмкін. Соңғы зерттеулер бойынша, кеуде ісіктерінде парабендердің үлкен концентрациясы анықталған екен. Қазіргі кезде парабендер мен қатерлі ісік ауруларының байланысы зерттеліп жатыр.

  • Минералды майлар. Оның зияны:

Мұнай өндірісінде пайда болған затты теріңіз бен шашыңызға жаққыңыз келеді ме? Әрине оның зияны мол. Ол терінің табиғи қорғаныс қабатын ерітіп, теріні құрғатады және терінің уақытынан бұрын қартаюдың басты себебі бола алады.

  • Силикон. Оның зияны:

Бұл зат тек терімізге ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да үлкен зақымын тигізеді. Табиғи жолмен шіри алмайтын силиконды шаш күтіміне арналған кез келген құралда таба аласыз. Ол шашқа қосымша жылтыр береді деп есептеледі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Балаға парацетамол беруге бола ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә