Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республика аумағының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Осыған байланысты түнде, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін.

9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталықта қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады.

"Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова