Су тасқынынан қырылған малға өтемақы қалай беріледі?

Су тасқынынан қырылған малға өтемақы қалай беріледі?
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин мәлім су тасқынынан қырылған мал шығыны есептеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облысында 10 мың бастан жоғары, БҚО-да 4,5 мың бас және Қарағанды облысында 1,5 мың бас мал мен үй жануарлары құтқарылды. Жедел ақпаратқа сәйкес, су тасқыны салдарынан республиканың 7 өңірінде 5 711 бас мал өлді, оның ішінде 1 137 ірі қара және 4 051 ұсақ мал бар, – деді Тлебалдин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өлікселерді жинау және жою жұмыстары жалғасып жатыр.

"Бұл үшін 90 бірлік техника мен қызметкерлер штаты және өлекселерді жою шаралары үшін қажетті дизенфекциялық заттар қарастырылған. Бүгінгі таңда 1 013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлексесі өртеліп, жойылды, – дейді ведомство өкілі.

Ол мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты сәйкес алгоритм әзірленгенін айтады.

"Халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі. Жалпы, су тасқынының алдын алу және жою мәселелері, сондай-ақ өңірлердегі эпизоотиялық жағдай министрліктің тұрақты бақылауында", – деді ресми өкіл.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Ордабаев