"Қайрат Әділгереймен жұмыс істеу қиын". Танымал актриса түсірілім кезіндегі қиындықтарын бөлісті

"Қайрат Әділгереймен жұмыс істеу қиын". Танымал актриса түсірілім кезіндегі қиындықтарын бөлісті
Фото: Фотоколлаж

Танымал актриса Жазира Еркін түсірілім кезінде Қайрат Әділгереймен жұмыс істеу қиын екенін "НТК" арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қайрат аға бірдеңе десе, тоқтамай күлеміз. Бізді күлкі қысқан кезде жаман қиналдық. Басымызды көтеріп, көзіміз түсіп кетсе - болды. Қайрат ағамен жұмыс істеу мүмкін емес. Не деген кәсібилік! Бізге өте үлкен қолдау білдірді. Ортамыздың сәні де, көркі де сол кісі болды", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы