"7,5 млн теңгені толығымен жұмсаймын". Ырысбала Икрамбай судан зардап шеккен халыққа тағы да гуманитарлық көмек жолдайтынын айтты

"7,5 млн теңгені толығымен жұмсаймын". Ырысбала Икрамбай судан зардап шеккен халыққа тағы да гуманитарлық көмек жолдайтынын айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы да Атырау, Құлсары халқына гуманитарлық көмек жолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жақында оған 7,5 теңге көлемінде ұсыныс түскен. Блогер бұл ақшаға Құлсары,Атырау халқына қажетті керек-жарақты алып бермек.

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы да Атырау, Құлсары халқына гуманитарлық көмек жолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жан-жақтан келіп жатқан видеоларды көріп, жүрегің ауырады. Өткен айда рекламадан 3,5 млн теңге тапқан екенмін. 500 мың теңгесін бала-шағама, 3 млн теңгесін толықтай қайырымдылыққа жұмсадым. Қарттар үйіне керек дүниесін алып бердік, медреселерге, мешіттегілерге ауызашар бердік. "Құдайға бер де, жалын" дейді ғой. Осы айда маған 7,5 млн теңгеге ұсыныс түсіп тұр. Осы ақшаны толығымен Атырауға, Құлсарыға гуманитарлық көмек жіберуге жұмсағым келіп отыр. Мұндағы мақсатым - халықтың арқасында тауып жүрген табысты судан зардап шегіп жатқан халыққа жұмсаймын. Алла қаласа, 2-3 күн ішінде тағы да Камазбен жібермекпіз", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы