"Тойымызда шегіртке жауды". Танымал әнші шаңырақ көтерген сәттегі қызық оқиғасын бөлісті

"Тойымызда шегіртке жауды". Танымал әнші шаңырақ көтерген сәттегі қызық оқиғасын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Өмірқұл Айниязов үйленген кезіндегі қызық оқиғасы туралы "Саумал" подкастында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, 1999 жылы елде шегіртке жауған. Әншінің тойы сол кезеңмен тұспа-тұс келген.

"1999 жылы үйлендім. Сол жылы елімізде шегіртке жауып тұрды. Жолдың бойы әйнектей теп-тегіс болып жататын. Өйткені машиналар әрлі-берлі өткенде шегірткені басып кеткен. Одан кейін "Саранча" деген сериал болып жатты. Сол фильмнің аты шегіртке жауғанымен байланысты ма деп ойлаймын. Үйлену тойымды ауылда жасадым. Ол кезде палаткада болатын. Дастарханның үсті болған шегіртке еді. Аспаннан жаңбырша жауғанын көзімізбен көрдік. Келіншек көйлегінің астына дейін кіріп кеткені есімде қалыпты. Одан кейін шегіртке азая бастады. Оны үкімет кетірді ме, әлде өздері кетті ме, ол жағын білмедім", – деп күлді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы