Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 7 сәуірде Алматы уақытымен 13 сағат 46 мин жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырым жерде) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,5. MPV магнитудасы - 5,31", - делінген хабарламада.

MSK-64 шкаласы бойынша: Алматыда 2 балл сезілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!