Қызғаныштан оқ атқан. Қостанайда полицейлер екі досты ұстады

Қызғаныштан оқ атқан. Қостанайда полицейлер екі досты ұстады
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанайда полицейлер екі аялдаманы қиратқандарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.

Бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Қостанай облысының Полиция департаменті хабарлады.

ПД мәліметінше, 5 сәуірде таңертең, Абай даңғылы бойындағы екі аялдама әйнегін белгісз біреулер қиратқан. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер Қостанай колледждерінің бірінде оқитын екі танысты анықтаған. Олардың айтуынша, екеуі де мас болған.

"Кеше түнде қызы екеуі сауда ойын-сауық орталығынан шығып, аялдамаға қарай барғаны анықталды. Олардың бірі қызғаныштан автобус аялдамасы әйнегіне пневматикалық тапаншадан 5 рет оқ атқан және сол жерден қашып кеткен. Сәлден соң, екіншісінің айтуы бойынша, ол "Емшан" аялдамасы жанынан өтіп бара жатып, қызғаныштан тағы да аялдама әйнегін жұдырықпен ұрып сындырған", - деп жазды портал.

Қазіргі уақытта бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

"Екеуі де әрекетін мойындады. Тиісінше, олар бүлінген мүлікті қалпына келтіруі керек", - деді Қостанай қалалық Полиция басқармасының басшысы Болат Иманов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан