Атыраудың су басқан аумағынан құтқарылған әйел жолда босанды

Атыраудың су басқан аумағынан құтқарылған әйел жолда босанды
Фото: atpress.kz

Атыраудың су басқан аумағынан құтқарылған жүкті әйел Маңғыстауға барар жол үстінде босанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құлсары тұрғыны Маңғыстау облысына барар жолда босанды.

Жедел жәрдем көлігінде босанған анаға акушер Гүлзада Қожаниязова көмектесті. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады.

- Сенбі күні таңертең 1980 жылы туған әйел жүктіліктің 39-40 аптасында жедел жәрдем көлігінде босанған. Бала 3 келі 150 г салмақпен дүниеге келді. Бала туылғаннан кейін біраз уақыт мамандардың бақылауында болады. Әйел бесінші перзентін босанды - деді Бейнеу аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Асухан Маркабаева.

Сонымен қатар, Жылыой ауданындағы аудандық ауруханада егіз ұлдар өмірге келген. Балалар Бейнеудегі аудандық ауруханаға жеткізілген. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина