Шұғыл брифинг: Қостанайда төтенше жағдай жарияланды

Шұғыл брифинг: Қостанайда төтенше жағдай жарияланды
Фото: Tengrinews.kz

Қостанайда төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев шұғыл брифингте айтты. 

Екі күн ішінде Қостанай облысының су қоймаларына миллиард текше су келіп түсті, Қостанайға су тасқыны қаупі төніп тұрған суды ағызу басталған.

"Қазір Қостанай бойынша 20-ға жуық эвакуациялық орын ашылды. Кеше 218 адам саяжай қоғамдарынан эвакуацияланды, бірақ тек 6 азамат қалды, қалғандары туыстарына кетті. Кешке және түнде су (деңгейі) көп болуы мүмкін. Бүгін түстен кейін барлық алдын алу шараларын қабылдау қажет. Екі күнде шамамен миллиард текше су келді, бұған дейін мұндай болған емес", - деді әкім. 

Жергілікті билік органдарының пікірінше, төтенше жағдай режимі су тасқыны салдарынан халыққа келтірілген зиянды өтеу үшін жарияланды. Жағалауға жақын жеке үйлер, саяжай қоғамдары мен бизнес нысандары су басу қаупі бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина