Дәрігер кімдерге алма жеуге болмайтынын айтты

Дәрігер кімдерге алма жеуге болмайтынын айтты
Фото: Pixabay.com

Нутрициолог Магомедтагир Ибрагимов кімдерге алма жеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "NEWS.ru" сілтеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, фруктоза, пектин немесе полифенолдар секілді компоненттерге аллергиясы бар адамдарға алма жеуге болмайды.

"Алмаға аллергия бар адам, оны байқаусызда жеп қойса, есекжем, ісіну, қышу, жөтел, мұрыннан су ағу, тыныс алу қиындықтары немесе анафилаксия секілді белгілер пайда болады. Алмаға аллергия қайың тозаңына аллергиямен байланысты болуы мүмкін, өйткені олардың аллергендері ортақ", - деп түсіндірді маман.

Дәрігер алмаға аллергиясы бар адамдарға оларды тұтынудан аулақ болу шақырып, антигистамин немесе адреналин препараттары туралы дәрігермен кеңесу керегін еске салды.

Сонымен қатар, кейбір адамдарда алма тіс жегісін, іш кебуді тудыруы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін алманың барлық пайдасын денеге сіңіру үшін оны қалай жеу керегі хабарланған болатын. 

Алманың пайдалы қасиетін алу үшін оның шырынын ішкен дұрыс. Ал шырынды белгілі бір жолмен сығып алатын болса, денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екен. Бұл жаңа әдіс табиғи өсімдік қосылыстарын, антиоксиданттарды, полифенолдарды төрт есе көп сақтауға мүмкіндік береді. Алма шырынын оттегін кетіретін бұрамалы сүзгі сыққыш арқылы алу керек. Ғалымдардың сөзінше, жемістен шырын сығу кезінде оттегі болмаса, оның пайдасы да көбірек болады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Алқабилер деген кімдер?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә